«Қазатомөнеркәсіп» пен «Qatar Solar Energy» компаниясы бірлескен кәсіпорын құрады
![]() |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар мемлекетіне сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы мен «Qatar Solar Energy» компаниясы |
«Қазақстан Соллар Силикон» ЖШС мен «Qatar Solar Energy» компаниялары арасында бірлескен кәсіпорын құру және қазақстандық кремний ұяшықтарын Катарға жеткізу туралы келісімді рәсімдеді.
Құжатты «Қазатомөнеркәсіп» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиев пен «Qatar Solar Energy» компаниясының атқарушы директоры Салим Аббасси рәсімдеді.
«Бүгінгі қол қойылған келісім «Қазатомөнеркәсіп» пен «Qatar Solar Energy» компанияларына бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Өскемендегі өндіріс ошағын жаңа бес мың жұмысы орнын құру арқылы кеңейту жоспарлануда», - деді қол қою рәсімінен кейін Салим Аббаси.
Оның атап өтуінше, Қазақстанда шығарылған пластиналар мен фотоэлементтер Катарға жеткізіліп, сол жерде күн батариялары құрастырылатын болады.
«Күн батареяларын өндіре бастауды біз 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне орайластыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін