Қазатомөнеркәсіп президентке компанияны дамытудың жаңаланған стратегиясын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазатомөнеркәсіп президентке компанияны дамытудың жаңаланған стратегиясын ұсынды

Қазатомөнеркәсіп президентке компанияны дамытудың жаңаланған стратегиясын ұсынды

Қазақстандық ұлттық “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаров президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті,

  • 4 Наурыз 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Н.Қаппаров елбасына компанияны қайта құрылымдау бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп отырған жұмысы туралы айтып берді және компанияны дамытудың жаңаланған стратегиясын ұсынды.
Ол атап өткендей, стратегия халықаралық кеңесшілердің ықпал етуімен жасалған, онда инвестициялық және операциялық қызметтің тиімділігін арттыру көзделген.
“Қазатомөнеркәсіп” жетекшісі атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстан әлемде жалпы өндірілетін уранның шамамен 40% қамтамасыз етіп отыр, компанияның негізгі міндеттерінің бірі –ядролық отын тасымалдаушылары саласында көшбасшылардың бірі мәртебесін алу.
Н.Назарбаев уран өндірісіне тиімді бақылаудың қамтамасыз етілуіне назар аударды және жетекші шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.