«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері сайланды.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен жалғыз акционерінің өкілі ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кіргендер: жалғыз акционер өкілі, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директор — Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиев; жалғыз акционер өкілі, «Тау-кен Самұрық» АҚ басқармасының төрағасы — Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіхалықұлы; тәуелсіз директор — Арсланова Зарина Фуатқызы; «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы — Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі — бір жыл.