«Қазавтожол» министр Божконың сөзін теріске шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Қазавтожол» министр Божконың сөзін теріске шығарды

«Қазавтожол» министр Божконың сөзін теріске шығарды

 Қызылордадағы тасқынға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолы құрылысының еш қатысы жоқ. Бүгін халықаралық автобанға жауапты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы министр Владимир Божконың уәжіне өз қарсылықтарын білдірді.

  • 13 Наурыз 2014
  • 279
Фото - Caravan.kz

Ақпаннан бері күннің күрт жылынуы салдарынан Жаңақорған ауданында қатарынан екі мәрте тасқын жүрді. Сөйтіп, аудан орталығы мен Бірлік ауылын қосқанда 100-ге жуық үй су астында қалған-ды. Ресми болжамға сүйенсек, апат тау бөктеріндегі қардың еруі  кесірінен болған. Өңірге арнайы тексерумен келген Төтенше жағдайлар министрі де, тасқынның бір себебі ретінде «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тасжолының дұрыс салынбауы себеп деген болатын. Яғни, автобанда су каналдарының құрылысын ескермеген. Бірақ бүгін министрдің сөзіне «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы жоққа шығарды. Айтуларынша, автобан бойында бірнеше  су өткелін салыпты.


Ерік Сұлтанов, «Қазавтожол» ҰК басқарма төрағасы:

-Жаңа жолды салғанда 8 су өтетін құбыр салынған. Ескі жолмен салыстырсақ, мұның су өтуі 3 есеге көтерілді. Сонымен қатар біз 4 мал өтетін құбыр салдық. Сондықтан келген су осы жолдан өтуін құбырлар толық қамтамасыз етеді.