Қазгидромет: 19-20 қарашада өңірлердің басым бөлігінде температураның күрт төмендеуі күтіледі
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжамынша, |
19-20 қараша күндері Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында, 20-21 қарашада Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендейді. Ауа бағамы түнде минус 15-20 градусты көрсетсе, кей жерлерде ол 25 градусқа дейін түседі.
19-20 қарашада Қызылорда, 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы түнде минус 10-15, кей жерлерде 20 градусқа дейін төмендейді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін