Қазгидромет: 27 ақпан күні республиканың басым бөлігінде боран соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: 27 ақпан күні республиканың басым бөлігінде боран соғады

Қазгидромет: 27 ақпан күні республиканың басым бөлігінде боран соғады

27 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кейбір аймақтарда тұман түсуі мүмкін. Тек республиканың солтүстігі пен солтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыздығы сақталады, қар түсіп, жел күшейеді, боран соғуы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне

  • 27 Ақпан 2014
  • 266
Фото - Caravan.kz


Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде боран соғып, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау облыстарында тұман болуы ықтимал.