Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанда 15-17 шілде аралығында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлады Қазгидромет.

  • 14 Шiлде 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік аймақтарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп жаңбыр жауады.

Батыста ауа температурасы түнде +15…+23℃, күндіз +25…+38 градус. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6…+20℃ болса, күндіз сынап бағанасы +10…+28℃-ты көрсетеді.

Елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7…+20℃, күндіз +15…+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде температура +12…+23°С, күндіз +27…+38°С болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 15 шілдеде күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +15°С, түнде +10°С. Желдің жылдамдығы – 13 м/с.

16 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +17°С жылы болады, түнде ауа температурасы +11°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 12 м/с.

Ал 17 шілдеде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Күндіз +24°С, түнде +11°С жылы болады.


Алматыда 15 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +31°С, түнде +19°С болады. Желдің жылдамдығы – 9 м/с.

16 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Синоптиктер найзағай ойнайды деген болжам жасады. Ауа температурасы күндіз +25°С, түнде +19°С.

Ал сенбі, 17 шілдеде күн ашық болады. Күндіз +29°С жылы, түнде +20°С.

Шымкент қаласында 15 шілдеде күн ашық, ауа температурасы күндіз +31°С, түнде +18°С. Желдің жылдамдығы – 10м/с.

16 шілдеде де күн ашық, күндіз +32°С, түнде +18°С жылы болады. Сенбі, 17 шілдеде күн ашық болып, ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі. Түнде +21°С-ты көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар