Қазгидромет: батыс пен шығыста жаңбыр, найзағай мен күшті желдер - kaz.caravan.kz
  • $ 485.11
  • 523.82
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: батыс пен шығыста жаңбыр, найзағай мен күшті желдер

Қазгидромет: батыс пен шығыста жаңбыр, найзағай мен күшті желдер

«Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Қазақстанның батыс және шығыс өңірлерінің ауа райына атмосфералық ағымдар ықпал етеді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

Олармен жауын-шашындар, жекелеген жерлерде найзағай мен күшті желдер күтілуде. Ал республиканың қалған аумақтары антициклонның әсерінде болып, басым бөлікте күн жауын-шашынсыз өтеді.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 17-22 м/с екпінде жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, Павлодар, Қарағанды, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел соғады.

Ақмола мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктердің гидрометеорологиялық болжамдарына сәйкес, алдағы тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.