Қазгидромет: бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

Қазгидромет: бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауып, жел күшейеді, боран соғады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 218
Фото - Caravan.kz

«Тек еліміздің оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді, түнде боран соғады, күндіз көктайғақ болады», — деп жазылған хабарламада.

Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облысының кейбір жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Атырау облысының жекелеген аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі деп болжанған.