Көптеген жерлерде жел күшейіп, Шығыс Қазақстанда шаңды дауыл болады.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, ал күндіз Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК алдағы тәуліктерде Петропавл қаласынан төмендегі Есіл өзенінде көктемгі судың жайылуы артып, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі сақталатынын ескертеді. Ал республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде су көлемі көбейеді.