Қажылыққа қайта-қайта барғанша... - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылыққа қайта-қайта барғанша...

Қажылыққа қайта-қайта барғанша...

Сауд Арабиясының Бас мүфтиі шейх Әбдіәзіз әл-Ашшейх бұрын қажылығын өтеген мұсылмандарды әр елге квотаның жылдағыдан аз бөлінуіне байланысты қасиетті парызын тұңғыш рет орындағысы келетіндерге жол беріп, олардың алғашқы қадамына түсіністікпен қарауға шақырды. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

  • 12 Қазан 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz

Рухани қайраткер өз сөзінде бұрын қажылық парызын өтегендеріне қарамай, бұл жолы да қасиетті сапарға аттанғысы келетіндерге осы мақсатта жинаған қаржысын мұқтаждыққа ұшыраған жандарға үлестіріп беруге үндеп, оның да сауабы болатынын алға тартты. Елдің қажылық істері жөніндегі министрлігі Мекке қаласында ұйымдастырған конференцияда сөз сөйлеген ол: «Қажылықты адам өмірінде бір рет орындаса, жетіп жатыр. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) қажылыққа қажылықты тек бір-ақ мәрте өтеген»,- деді.

Сол себепті, мұсылмандар Алла Елшісінің өмірінен (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) үлгі алуы тиістігін тілге тиек етті.