Жарияланды: 600

"Қазинвест" потенциалдық инвесторларға арнап Алматыда болашағынан үміт күттірген инвестициялық жобалардың тұсаукесерін өткізбек

Инвестиция енгізуге ықпал жасау жөніндегі Қазақстандық орталық - "Қазинвест" ЖАҚ потенциалдық инвесторларға арнап Алматыда болашағынан үміт күттірген инвестициялық жобалардың тұсаукесерін өткізбек. Бұл туралы "Қазинвест" ЖАҚ-ның баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, "Қазинвест" орталығы инвестициялық жобалардың мәліметтер базасын құрыпты. Онда республикамыздың барша аймақ-өңірлері мен экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін Қазақстандық компаниялардан келіп түскен 500-ден астам ұсыныстар шоғырландырылған. Сараптама нәтижесінде инвестициялық жобалардың мәліметтер базасына қамтылған жобалар арасынан алдағы тұсаукесер шарасына 15 перспективалы ұсыныс іріктеп алынды. Олардың арасында "Кентау трансформатор зауыты" ААҚ, "Қазақалтын" тау-кен-металлургиялық кешені, "Мембраналық технологилар" ЖШС-нің инновациялық жобасы, "Массагет" ААҚ, "Ашытқы зауыты" ЖАҚ, " Аят Сауда үйі" ЖШС секілді кәсіпорындардың жоба-ұсыныстары бар. Тұсаукесерге шақырылған потенциалдық инвесторлар қатарында Еуропалық Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, еліміздің коммерциялық банктері , инвестициялық қорлары мен отандық және шетелдік компаниялар бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть