Қазір біз вейп қолдануға толық тыйым сала алмаймыз - Ажар Ғиният - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір біз вейп қолдануға толық тыйым сала алмаймыз - Ажар Ғиният

Қазір біз вейп қолдануға толық тыйым сала алмаймыз - Ажар Ғиният

Елімізде вейп тартуға тыйым салына ма? Мәселе қалай қаралып жатыр? Сауалға Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді.

  • 11 Қазан 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Елімізде вейпке тыйым салу мәселесі бойынша заң жобаларына жаңа нормалар енгізіліп жатыр. Ол Үкімет отырысында қаралды. Денсаулық сақтау саласы аталған нормаларды қолдайды. Қазір біз вейп қолдануға толық тыйым сала алмаймыз. Мәселе құзыретті органдармен қаралып жатыр. Жақын арада олар өз қорытындыларын береді, сол кезде таныстырамыз», — деді Ажар Ғиният Мәжіліс отырысында.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов вейп мәселесін тездетіп шешу керегін айтты.

«Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Депутаттар да бірнеше рет көтерді, бірақ әлі нақты шешім жоқ. Сондықтан, Тамара Қасымқызы, нақты шешім қабылдайтын кез келді. Бізде біртұтас ұстаным болуы керек, өйткені бұл біздің балаларымыз бен болашақ ұрпағымыздың денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан бұл мәселені шешуді жеделдету қажет», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар