Қазір бүкіл әлем пайда табу жарысына түскен - Нобель сыйлығының иегері - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір бүкіл әлем пайда табу жарысына түскен - Нобель сыйлығының иегері

Қазір бүкіл әлем пайда табу жарысына түскен - Нобель сыйлығының иегері

Капиталистік қоғамда бәрі жеке табысқа негізделген. Алайда қоғам мүшелері бір-біріне көмектесуді басты орынға қоймай көптеген мәселелер шешімін таппайды. Бұл пікір Алматыда өтіп жатқан І Халықаралық инвестициялық форум барысында айтылды.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 590
Фото - Caravan.kz


«Қазір бүкіл әлем пайда табу жарысына түскен. Қор нарығы қай бағытта көбірек табыс табуға болатынын көрсетеді. Әлем ақшаға қатты назар аударады», — дейді Нобель сыйлығының иегері, бангладештік банкир, экономика профессоры Мұхаммед Юнус. Бангладеште ауыл тұрғындарына арналған банк ашқан, ол тұрмысы төмен халыққа көмектесуді алдына мақсат етіп қойған. Оның айтуынша, қоғам жеке пайдаға ғана негізделмеуі керек. Мемлекет көптеген мәселелерді шешуге өз тарапынан көмектесіп жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз. Қоғам мүшелері бір-біріне көмектесуді басты орынға қоймай ол шешілмейді.