Қазіргі сериалдардан бас тартсақ, экран алдындағы апаларымызды жоғалтып аламыз - Дәурен Абаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі сериалдардан бас тартсақ, экран алдындағы апаларымызды жоғалтып аламыз - Дәурен Абаев

Қазіргі сериалдардан бас тартсақ, экран алдындағы апаларымызды жоғалтып аламыз - Дәурен Абаев

Еліміздің ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шетелдік БАҚ-қа және қазіргі отандық телеарналарда көрсетіліп жатқан, от басы, ошақ қасындағы жағдайды ғана суреттейтін үнді, түрік сериалдарына түбегейлі тыйым сала алмайтынын айтты.

  • 19 Мамыр 2017
  • 958
Фото - Caravan.kz

Мұның себебін министр бүгін "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан сұхбатында түсіндіріпті.

"Журналистер кездескен сайын маған «Неге шетелдің телеарналарына тыйым салмаймыз? Кімнен қорқамыз?» дейді. Мәселе қорыққанда емес. Қажет болса, елімізде барлық шетелдік БАҚ-ты бір күнде шектеп, тек өзіміздікін қалдыруға болады. Сонымен мәселе шешіле сала ма? Жоқ, ешқашан шешілмейді.  Кезінде қырғи-қабақ соғыс тұсында Совет Одағы тура осылай жасады. Оны өзіңіз де білесіз. Америка мен Батыстан келетін ақпарат арналарының жолын тас қылып жауып тастады. Оның нәтижесі қандай болғаны тарихтан белгілі. Сол кезеңде шетелдік поп музыкаға, Гол­ли­вудтың фильмдері мен «Америка дауысына» жұрт қалай қызыққан болса, қазір де сол жағдай қайталанатыны сөзсіз.  Менің ұстанымым – мәселе шектеумен шешіле салмайды. Егер олар (шетелдік БАҚ – ред.) Қазақстан заңдарын бұзса, әңгі­ме басқа. Онда міндетті түрде шара қолданылады. Сондықтан, біз ақпараттық шабуылға қарсы тұру үшін ең алдымен отандық БАҚ-тың, журналистиканың, киноларымыз бен музыкамыздың бәсекеге қабілетін арттыруға тиіспіз.  Тағы да бір маңызды мәселе − біз тұтынушылық деңгейді көтеруіміз керек. Көрерменнің деңгейі өскенде, соған сай мәдениет те қалыптасады. Мысалы, Елбасы «Астана Операны» не үшін сал­ғызды? Осындай зәулім ғимаратты сал­масақ та өнеріміз өз ырғағымен даму үстінде болатын. Алайда, мақсат көрер­меннің әлемдік деңгейдегі өнерге сұра­нысын қалыптастыру еді. Сол сияқты, «Қаз­медиа орталығын» алайық. Осынша ақпарат құралдары бұл медиа орталық болмаған кезде де жұмыс істеп жатты. Бірақ, заманауи ғимаратта әлемдік стандарттарға сай жабдықтарға қол жеткен соң, біздің телеарна, радиоларымыз жаңа сатыға көтерілді.  Сондықтан, «өз қазанымызда ғана қайнамай», өзгелердің озық жетістіктерін бойға сіңіре білу керек. Сонда ғана басқа идеологияның ықпалына ермейтін, ақпаратты таңдап, талғап қабылдайтын көрермен қалыптасады. Елбасы рухани жаңғыру жөніндегі мақаласының «Сананың ашықтығы» деген тарауында бұл туралы өте ұтымды айтты. Сыртқы ық­палдан қорқып, есігімізді жауып отыра берсек, проблемамыз ешқашан шешілмейді" дейді Дәурен Абаев.

Ал қазіргі арзанқол сериалдардан неге бас тарта алмайтынымызды министр былай түсіндірген:


"Қарап отырсақ, қазір Батыс елдерінің экранында басты кейіп­кер­лер бұрынғыдай полицейлер емес, ғалым­дар, интеллектуалдар, стартаперлер мен кәсіпкерлер. Жұрт та отбасылық талас-тартыстан гөрі танымдық дүниелерге қызыға бастады. Былайша айтқанда, қазір қоғамдағы этика мен құндылықтарды осындай кейіпкерлер қалыптастыруда.  Осы тәжірибені біз де енгізуіміз керек. Қо­ғам­дық сананы жаңғырту деге­ні­міз сол. Сол үшін сериалдардың форматы мен тақырыптарын түрлі аудиторияға – жас­тарға, орта жастағы адамдарға, үлкендерге, ауыл халқына немесе қала қазақтарына, зиялыларға немесе жұмысшыларға тартымды етудің тәсілдерін қарастырып жатырмыз. Яғни, бізге барлық азаматтың көңілінен шығатын әртүрлі контент керек. Әрине, сонымен бірге, мелодрамалардан толықтай бас тартамыз деп айта алмаймыз. Олай етсек, экран алдындағы апаларымызды жоғалтып аламыз".
 

Соңғы жаңалықтар