«Бүгінгі жағдаймен түсімнің 71% — 14 млн тонна астық қамбаға құйылып, астық шығымдылығы орта есеппен бір гектардан 13 центнерді құрады», — деді А. Күрішбаев.
Осы орайда ол болжам бойынша 19 — 20 млн тонна астық жиналады деп жоспарланғанын еске салды. «Бұл елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жетеді. 9 млн тоннаға жуық астық экспортқа шығарылады», — деді ол.
«Елімізді астықпен және соған сәйкес нанмен қамтамасыз етуде қандайбір қиындық жоқ», — деді А. Күрішбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті