«Қазіргі жағдаймен пилотты кластерлерді құру логикалық тұрғыдан аяқтала қоймағандығын атап өткім келіп отыр»,- деді Ғ. Оразбақов. Ол сонымен қатар, «халықаралық және отандық сарапшылардың бағалауынша толыққанды жұмыс істейтін кластерлерді құру үшін айтарлықтай уақыт қажет», деп атап өтті. «Сондықтан да тез арада нәтиже күту дұрыс болмас»,- деп қосты индустрия және сауда министрі.
Дегенмен, министрдің бағалауына сүйенсек, толыққанды кластерлік даму мүмкіндігі, яғни кластерлерде қосылған құн тізбегін құратын бөлшектер бар, атап айтсақ, азық-түлік өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, транспорттық логистика және туризм. «Біздің қалағанымыздай, бәрі де ойдағыдай емес екендігін атап өткім келеді. Қаржы жеткіліксіздігі, тиісті инфрақұрылымдардың болмауы, маман тапшылығы бизнестің салғырттығы сияқты шешілмей жатқан көптеген проблемалар бар»,- деп атап көрсетті Ғ. Оразбақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті