"Қазкоммерцбанк" ААҚ "ABN AMRO Банк Казахстан" ЖАҚ-ның акционерлері құрамынан шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазкоммерцбанк" ААҚ  "ABN AMRO Банк Казахстан" ЖАҚ-ның акционерлері құрамынан шықты

"Қазкоммерцбанк" ААҚ "ABN AMRO Банк Казахстан" ЖАҚ-ның акционерлері құрамынан шықты

Бүгін, 24-маусымда Алматыда "Қазкоммерцбанк" ААҚ -ның 29% акциясын "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" ЖАҚ-на, 28% акциясын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі "ABN AMRO Asset Management" компаниясына сату туралы келісімге қол қойылды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Маусым 2003
  • 890
Фото - Caravan.kz

Аталмыш сауда-саттық нәтижесінде акционерлер құрылымында мынадай өзгеріс болды: «ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» ЖАҚ акцияларының 80 %-і ABN AMRO N.V. иелігіне көшті, ал акцияның 20%-і бұрынғыдай АҚШ Халықаралық қаржы корпорациясының меншігінде қалып отыр.

Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания акцияларының 72% «ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» ЖАҚ-ның , 28% ABN AMRO N.V. иелігінде.
«Қазкоммерцбанк» ААҚ басқармаларының төрайымы Нина Жусупованың келісімге қол қойылғаннан кейін хабарлауынша, банк мықты серіктеспен жұмыс істеп тәжірибе жинақтау үшін 1994-жылы АБН АМРО тобына қатысушы ретінде қосылған. Н.Жусупованың айтуынша, «ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» ЖАҚ мен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі «ABN AMRO Asset Management» компаниясының қазіргі жақсы қаржылық көрсеткіштері «Қазкоммерцбанк»-тың аталмыш компаниядағы үлесін сатуға негіз болған. «Сауда-саттықты дәл осындай жағдайда жүзеге асыру -банк үшін өте тиімді»,- деді Н.Жусупова.
«ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» ЖАҚ басқармаларының төрағасы Яна Виллем ван ден Босс мырзаның айтуынша, «»Қазкоммерцбанк» ААҚ-ның «ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» ЖАҚ мен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі «ABN AMRO Asset Management» компаниясының акционерлері құрамынан шығуы халықаралық банк пен Қазақстандағы ең жетекші банк арасындағы байланыстың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін айғақтаса керек». Осы орайда ол сауда-саттық нәтижесінде екі банктің өзара аффилиирлік байланысы туралы тауқымет жойылып, банк қызметі саласындағы кең көлемді әрі жемісті ынтымақтастыққа жол ашылғанын ерекше атап көрсетті.