Қазкоммерцбанк басқармасы құрамында өзгерістер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазкоммерцбанк басқармасы құрамында өзгерістер болды

Қазкоммерцбанк басқармасы құрамында өзгерістер болды

Қазкоммерцбанк басқармасы құрамында кадрлық өзгерістер орын алды.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директор С.Д.Мокроусовтың өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты 2015 жылғы 7 қыркүйектен Банк басқармасының құрамынан шыққаны жөнінде хабарлайды. Мокроусов  2009 жылдан бері банк басқармасының мүшесі және бүгінгі күнге дейін банктің еншілес компанияларына жетекшілік етіп, кадр мәселелеріне жауап берген. Бұдан кейін Мокроусов  «Қазкоммерц-Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ-да басқарма төрағасы және «Қазкоммерц-Life» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы ретінде ҚКБ тобындағы сақтандыру бизнесіне жауап береді. 

Сонымен қатар, басқарушы директор Ережепова К.Б өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты 2015 жылғы 30 қыркүйектен Банк басқармасының құрамынан шығады. Ережепова банкте 20 жылдай қызмет атқарған және соңғы жылдары банктің әкімшілік-шаруашылық бөліміне жауапты болған.  


Соңғы жаңалықтар