«Қазмедиа орталығының» жаңа бас директоры тағайындалды
![]() |
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 4 тамызындағы №9-ж бұйрығы бойынша |
«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры қызметіне Аюпов Мирболат Хайратұлы тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
М.Х.Аюпов бұған дейін «Зерде» ҰАКҚ ақпараттық-коммуникациялық қорының басқарма төрағасы қызметін атқарды. Мәскеу инженерлік-физикалық институтының кибернетика факультетін, қолданбалы математика мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін қаржы және кредит мамандағы бойынша тәмамдады. «Алтел» АҚ вице-президенті (2005-2007), «Транстелеком» компаниясының президенті (2009-2012), 2012 жылдан мобильді байланыс бойынша «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
«Қазмедиа орталығының» осыған дейінгі бас директоры Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров өз қалауымен қызметінен босатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін