Жарияланды: 1400

ҚазМУ-де химиялық технологияларды медицина саласында пайдалануға арналған халықаралық конференция басталды

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Химия, технология және табиғи қосылыстардың медицинада қолданылуы " тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Бас қосу өсімдік тектес қосылыстарды медицина саласында пайдалану, оларды шығарып алу технологиясы мен қолдану тәжірибесі туралы мәселелерді талқылауға арналады. Конференцияда ісікке, қабынуға, вирустарға қарсы қолданылатын, радиоқорғаныс препараттары мен басқа мақсатта да әжетке жарайтын жаңа 67 дәрілік препараттар назарға ұсынылады, олардың 22-сі бұған дейін еш жерде жарияланбаған дәрілер. Олар мұнайшылардың кәсіптік дерттерінің алдын алу және емдеуде, сондай-ақ, экологиялық қолайсыз елді мекендерде тұратын адамдарды емдеуде тиімді болып табылады. Сондай-ақ, осынау өсімдік тектес дәрілік препараттарды шығаруда қолданылатын өсімдіктер Қазақстан аумағында өсетіндігімен, сондай-ақ, препараттар жасанды дәрілік заттармен салыстырғанда артықша тиімділігімен және улы еместігімен ерекшеленеді. Конференцияға өсімдік тектес емдік қосылыстарды зерттеумен айналысатын ТМД аясындағы таңдаулы химиктер, Ресей, Украина және Өзбекстанның фармакологиялық және фармацевтикалық комитеттерінің төрағалары қатысуда. Бас қосуда табиғи қосылыстар саласындағы зерттеулерге кең көлемді сипаттама жасалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін