"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек келіспеушіліктерін реттеу жөніндегі кеңесіне қатысушылар 2014-2016 жылдарға арнап Қазақстан республикасы мұнай және газ кешені қызметкерлері кәсіподақтарының салалық келісімін әзірлеуді ұсынып отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
ҚМГ кәсіподақ активі сондай-ақ мұнай және газ кешені қызметкерлерінің біртұтас, вертикальды интеграцияланған салалық кәсіподағын құру идеясын ұсынып отыр, оның мәртебесі республикалық қоғамдық бірлестік болса, деп көзделген және ол жүз мыңдаған мұнай мен газ саласы қызметкерлерін біріктірмек.Сондай-ақ кеңес ақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы ұсыныс енгізбек.
Олардың ойынша, әзірленіп жатқан бұл жүйе компанияның бүкіл бөлімшелерінде мөлдірлікті және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етпек.
"ҚазМұнайГаз" Қазақстанның мұнай газ саласында көмірсутегіні барлау, өндіруде мемлекет мүддесін көздеуші қазақстандық ұлттық оператор болып табылады.
Оның жалғыз акционері мемлекеттік "Самұрық-Қазына" қоры.