«ҚазМұнайГаз» әуел бастан-ақ көмірсутегіне қатысы бар барлық іс-қызмет салалары бойынша кем дегенде мемлекет деңгейінде жетекші рөл иеленуге ұмтылған тікелей интеграциялық компания құруды көздеген. Ал болашақ жоспарымыз — ірі халықаралық ойыншыға айналу», — деп мәлімдеді Ұзақбай Қарабалин.
Ол «ҚазМұнайГаз» компаниясы «ҚазақОйл» және «Мұнай және газ транспорты» компанияларының негізінде құрылғанын еске салып өтті. «Сол кездің өзінде-ақ, біздің компаниямыздың жан-жақты профильді, біздің функционалдық бағыттарымыздың көп салалы болуына негіз қаланған болатын. Ал солай істеуге маңызды себептер болған», — деп атап көрсетті компания президенті.
«Дүниежүзінің мұнай-газ қоғамдастығындағы дүниежүзілік басты ағым -көмірсутегін өндірудің жалпы көлемі аясындағы ұлттық компанияның үлесін айтарлықтай өсіру. Егер, ХХ ғасырдың 70-жылдары дүниежүзіндегі ұлттық компаниялардың үлес салмағы 6 пайызды ғана құраса, ХХІ ғасыр басында бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін ұлғайды», — деп түсіндірді ол.
Ұзақбай Қарабалиннің пайымдауынша, саладағы ірі бәсекелес компаниялар көмірсутегімен байланысты барлық жұмыстар тізбегін қамтумен сипатталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті