Жарияланды: 420

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ штаб-пәтерін Астанадан Ақтау қаласына көшіру туралы шешім қабылданды

Ақтау. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ штаб-пәтерін Астанадан Ақтау қаласына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Бұл "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ өндірістік бөлімшесі "Өзенмұнайгаз" кен орындары мен басқа да жерлерді игерудің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне ықпал етеді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін