Жарияланды: 510

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Ақтаунефтесервис» ЖШС-ті $334 млн-ға сатып алды

2011 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) «Ақтаунефтесервис» ЖШС (бұдан әрі - АНС) жарғылық капиталының 100% қатысу үлесін сатып алу жөнінде мәміле жасады, деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметінен. АНС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында мұнай-сервистік қызметтер көрсетумен (90% астам қызмет) айналысады.

«АНС-ті сатып алушы - ҚМГ ҰК-нің 100% еншілес ұйымы Cooperative KMG PKI UA (ММГ-нің 50 пайызын иемденуші) компаниясы болды. АНС-ті сатып алу бағасы 334 млн. АҚШ долларын құрады», - делінген жұма күні таратылған ақпараттық баянда. Жобаны іске асыру АНС-тің қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік жасаумен бірге ҚМГ компаниялары тобына синергетикалық нәтиже береді. Сонымен қатар АНС-тің иелері - жеке инвесторларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на ауыстыру АНС-тің өз тобында, сондай-ақ осы аймақта әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік жасайды, делінген ақпараттық баянда. АНС холдинг түріндегі 100% төмендегідей үлестерді иемденуші болып табылады: «Oil Service Company» ЖШС – ұңғыларды бұрғылау, ұңғыларды күрделі әрі жерасты жөндеу, мұнай өндірудің технологиялық процестерін химияландыру т.б. жұмыстармен айналысады (3300 адам); «Oil Construction Company» ЖШС - СМР, өнеркәсіп нысандарын салу, электр беру желісі, жол және бұрғылау жабдықтарын қайта құрастыру (2100 адам); «Oil Transport Corporation» ЖШС – ММГ кен орындарындағы технологиялық көлік, жүк және қызметкерлерді тасымалдау (2600 адам); «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС - ММГ пайдалану және электр жабдықтарына қызмет көрсету (700 адам); «Мұнайтелеком» ЖШС - ММГ кен орындарындағы телекоммуникация 700 адам). «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін