«Қазмырыш» Курчатов қаласының әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазмырыш» Курчатов қаласының әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын болды

«Қазмырыш» Курчатов қаласының әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын болды

«Қазмырыш» өңірдегі әлеуметтік қызметке ықыласты екенін тағы бір мәрте растады.

  • 16 Шiлде 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz


Бүгін компанияның тұрақты даму жөніндегі бас директоры Андрей Лазарев пен Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев жекеменшік-мемлекеттік әріптестік туралы келісімге келіп, 2015-2016 жылдары әлеуметтік жобаларды іске ақсыруға бірлесіп қатысу туралы меморандумға қол қойды.

Құжат ҚР Президентінің "Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді шешуге бағытталған, деп атап өтілген таратылған ақпаратта.
Компания Курчатовтағы бүгін күнгі ең өзекті мәселелерді шешуді қаржыландыру міндетін өз мойнына алған. Қаланың су алу жүйесін жөндеуге ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға, жылу жүйесін жөндеуге 40 млн теңге бөлді. Инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға 20 млн теңге бағытталады.
Еске салсақ, 2014 жылы компания алғашқы әлеуметтік меморандумға қол қойған. Сол кезде өңірде Семей сынақ полигоны аумағындағы арнайы қойма — компания бөлімшесі жұмыс істей бастады.
Компания жыл сайын әлеуметтік жобаларды қолдауға 3 млрд теңге бөледі.
Өткен жылы компания қаражатына су және жылу жүйесін қамтамасыз ету жұмыстарды жүргізді. 
Қала билігі компанияға, оның ұжымына алғыс білдірді, кәсіпорынның көмегі қалалықтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, жылыту маусымын тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өз кезегінде, Лазарев Курчатов әкімдігімен ынтымақтастық сәтті жалғасып, сындарлы сипатқа ие болғанын атап өтіп, әрі қарай жұмысты осы қарқында жалғастыра беруге ниетті екенін қосты.