Қазнетте ірі жол апатының видеосы тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазнетте ірі жол апатының видеосы тарап жатыр

Қазнетте ірі жол апатының видеосы тарап жатыр

Қазнетте ірі жол апатының видеосы тарап жатыр

  • 27 Желтоқсан 2018
  • 98
Фото - Caravan.kz

Қазнетте бірнеше адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР ІІМ өкілдері видеоның Қазақстанға қатысы жоқ екенін айтты.

"WhatsApp-та жол апаты салдарынан адамдардың денелері түсірілген видео таралып жатыр. Ол жағдайдың біздің елге ешқандай қатысы жоқ", — деп хабарлады ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Kaktus.media мәліметінше, 16 желтоқсанда Бішкек-Нарын-Торугарт тасжолында ірі жол апаты болған. Нәтижесінде бес адам қаза болған. Олардың төртеуі Toyota Ipsum көлігінде отырған. Ал Volkswagen Passat көлігі өртеніп, ондағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.
 


Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Toyota Ipsum көлігінде жеті адам болған, ал Volkswagen Passat көлігінде жүргізуші ғана болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Ipsum жүргізушісі Бішкек — Тоқмақ бағытымен келе жатып, көлік тізгінін басқара алмай, Volkswagen Passat көлігімен соғысқан.