Қазнетте жұртшылықты шулатқан видео пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазнетте жұртшылықты шулатқан видео пайда болды

Қазнетте жұртшылықты шулатқан видео пайда болды

Instagram желісінде кезекті бір видеожазба атышулы деген атаққа ие болды.

  • 19 Қыркүйек 2017
  • 4285
Фото - Caravan.kz

Ztb.kz атты танымал парақшада "Отандық өнім" деп аталған бейнероликте "Буратино" лимонадын жасау барысы көрсетілген. Оның қай қалада, қай зауытта түсірілгені белгісіз. Алайда бірден бірден антисанитариялық жағдай мен ескірген жабдықтар көзге түседі, — деп хабарлайды Caravan.kz


A post shared by 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kz) on

"Мынау масқара ғой, енді Буратиноны ешқашан да ішпеймін", "Қай жерде екен? Осындайдан кейін бұны балалар тұрмақ, біз қалай ішеміз?", "Құрсын бұндай тәтті лимонадтары" , — деп көрермендер бірден бас салды. Алайда бұл жазбаның шындығына күмән білдіргендер де болды.

Біз өз кезегімізде күмән білдірушілер қатарына кірген комментаторлар шындыққа біртабан жақын қалғанына сенімімізді білдіреміз.

Соңғы жаңалықтар