Жарияланды: 1800

"Қазпочта" ААҚ "Халық ертегілері" және "Көркемсурет" сериялары бойынша бес түрлі жаңа почта марксын айналымға енгізеді

"Қазпочта" ААҚ Қазақстан аумағындағы почталық айналымға "Халық ертегілері" көркемдік сериясы бойынша мемлекеттік почталық төлем белгісі болып табылатын "Алдар көсе мен Алаш хан" және "Алдар көсе мен Қарынбай" атты жаңа маркаларды айналымға енгізді.

Бұл туралы ААҚ-ның баспасөз қызметінен таратқан хабарламада жарияланды. Сондай-ақ, акционерлік қоғам 7-шілдеде "Көркемсурет және мүсіндеу өнері" атты көркемдік сериясы бойынша "Шахмат ойнау", "Малшы бейнесі" және "Қымыз құятын пиала" атты үш түрлі жаңа марканы айналымға енгізуді межелеп отыр. "Алдар көсе мен Алаш хан" және "Алдар көсе мен Қарынбай" атты жаңа маркалар әрбіреуінің номинал құны 30 және 40 теңгеден 50 мың данадан шығарылды. Маркалар почтаның төлемдік белгілерін басып шығаратын Пекин фабрикасында басылды. Алдар көсе - қазақ халық ауыз әдебиетінде кеңінен қолданылатын данагөй әрі суырып салма шешен, әзілкеш адамның ертегілік жинақ бейнесі. Әрі ол Таяу және орта Шығыс, Орталық Азия, Қазан және қырым татарлары, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерінің халық ауыз әдебиетіне ортақ кеңінен таралған бейне болып табылады. Ал "Көркемсурет және мүсіндеу өнері" атты көркемдік сериясы бойынша "Шахмат ойнау" атты марка 20 теңгелік номиналмен 50 мың данадан, , "Малшы бейнесі" маркасы 35 теңгелік номиналмен 50 мың данадан, сондай-ақ, "Қымыз құятын пиала" атты марка 45 теңгелік номиналмен 20 мың данадан шығарылмақ. Барлық маркалар мен олардың тақырыбын Қазақстандық суретші және мүсіншілер әзірлеп, Пекин фабрикасында шығарылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть