Жарияланды: 450

Қазпочта кеңсе тауарларын ауылдық жерлерге жеткізумен айналысады

Қазпочта кеңсе тауарларын ауылдық жерлерге жеткізумен айналысады

«Қазпочта» АҚ  ауылдық жерлерге «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-мен бірлесіп кеңсе тауарларын жеткізу жобасын енгізгені жайлы хабарлайды.

Еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде, «АБДИ» компаниясының каталогтары бойынша мектеп оқушылары мен студенттер, білім беру мекемелерінде және кеңселерде жұмыс істейтін қызметкерлер кеңсе тауарларын сатып алу үшін тапсырыс бере алады, деп хабарлады «Қазпочта» баспасөз қызметі.

«Енді ауыл мен аудан орталықтары тұрғындарының әлемдік өндірушілердің кеңсе тауарларын сатып алу үшін қалаға бару қажеті жоқ. Қазпочта бөлімшелеріндегі «АБДИ» каталогтары бойынша, 4000 теңгеден кем емес көлемде кеңсе жабдықтарына тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, бұл қызмет онлайн режимде www.postmarket.kz сайтында қолданысқа енгізілген. Бір айдан кейін оқу жылы басталады, ал осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандықтар отбасы бюджетін үнемдей алады» - деді «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.

Қазпочта бөлімшелеріндегі «АБДИ» каталогтары мен www.postmarket.kz  сайтындағы каталогтар біркелкі және ассортименттері 200-ден астам түрлі тауарларды қамтиді.

«Қазпочта»  АҚ - почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін