"Қазпошта" франшиза бойынша алғашқы пошта байланысы бөлімшесін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазпошта" франшиза бойынша алғашқы пошта байланысы бөлімшесін ашты

"Қазпошта" франшиза бойынша алғашқы пошта байланысы бөлімшесін ашты

«Қазпошта» АҚ Абылайхан ауылдық округінде Ақылбай ауылында классикалық франшиза схемасымен пошта байланысының алғашқы бөлімшесін ашты.

  • 15 Тамыз 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz

    Бұл туралы бүгін компания баспасөз қызметі мәлімдеді.

Компания өкілдері тұрғын жай иелері (дүкен, дәріхана) арасында пошта қызметін көрсетуге кәсіпкерлер талдауын жүргізеді.

Тиісті келісімшарт бекіткен соң кәсіпкер пошта жөнелтімдерін қабылдау және беру қызметтерін көрсетеді. Осылайша, ауыл тұрғындары үшін күні бойы демалыссыз және үзіліссіз пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік туды.

Бұл ауылдық жерлерде пошта қызметінің қолжетімді болуын ұйымдастыру жоспары шеңберінде жүзеге асырылып отырған, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін нобайлы жоба.