"ҚазСат-2" жер серігін құру жұмыстары жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр -ғарыштық байланыс орталығы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазСат-2" жер серігін құру жұмыстары жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр -ғарыштық байланыс орталығы

"ҚазСат-2" жер серігін құру жұмыстары жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр -ғарыштық байланыс орталығы

Астана. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазСат-2" жер серігін құру жұмыстары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлттық ғарыш агенттігінде (Қазғарыш) өткен алқа мәжілісі барысында "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагнитті үйлесімділігі орталығы" АҚ президенті Виктор Лефтер мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Ақпан 2008
  • 616
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен «ҚазСат-2» жер серігін құру жұмыстарының екі кезеңі — эскиздік жоба мен құжаттамаларды жасау кезеңдері аяқталды. Барлық жұмыстар «ҚазСат-2″ жер серігін құру жөніндегі бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», — деді В. Лефтер.

Оның айтуынша, «ҚазСат-2» жер серігін жасаушылар «»ҚазСат-1″ жер серігін жасауда жүзеге асырылған конструкторлық-техникалық шешімдер мен құрал-жабдық сипаттамаларын ең жоғары деңгейде сабақтастыруға тырысуда».

«Жоспар-кестеге сәйкес, «ҚазСат-2″ жер серігі 2009 жылдың қараша айында ұшырылуға тиіс», — деді орталық басшысы.

В. Лефтер бұған қоса «2010 жылы «ҚазСат-3″ жер серігін, ал одан әрі алмастырушы жер серіктерін жасауға кірісу жоспарланған», деді.

«Техникалық сипаттамаларына сәйкес, жер серіктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі 10 — 12 жылды құрайды, ал бірінші алмастырушы жер серігі «ҚазСат-1″ жер серігінің жұмыс істеу мерзімі аяқталғанға дейін 36 ай бұрын, яғни 2013 жылы жасала бастауға тиіс», — деді ол. «Сөйтіп, «Қазсат-2″ жер серігінің жұмыс істеу мерзімін ескергенде оны алмастыруға тиіс жер серігі 2018 жылы жасала бастауға тиіс», — деді В. Лефтер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті