Жарияланды: 1400

"ҚазТрансГаз Аймақ" Атырау облысын газдандыру шаруасымен айналысатын болады

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 1-қарашадан бастап бірыңғай оператор ретінде Атырау облысын газбен қамсыздандыру рыногына ресми түрде шығып отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Бүгіннен бастап компанияның Атырау өндірістік филиалы қызметін бастады. Қазіргі уақытта аймақтың газ құбырлары және ондағы қондырғылар , ғимараттар, арнайы техника, көлік және Атырау облысының коммуналды меншігіне тиесілі басқа мүлік республикалық меншікке өткізілуде. Облыстық әкімшілікпен келісім негізінде "ҚазТрансГаз Аймақ" аймақты газбен үздіксіз қамтамасыз етуге және газбен қамсыздандыру саласындағы жұмыс орындарын қысқартпауға кепілдік беріп отыр. Облыста табиғи газды тұтыну көлемі жылына шамамен 1,3 млрд шаршы метрді құрайды. Компания жоспарында аймақтың газ желілерінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыру, жаңа абоненттерді газдандыру үшін база құру ойы бар. "ҚазТрансГаз Аймақ" 2002 жылы сәуір айында құрылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін