ҚазТрансГаз өз қызметкерлерін Тбилиси қаласынан шұғыл әкетті
Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазТрансГаз" АҚ өз қызметкерлерін Тбилиси қаласынан шұғыл әкетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ҚазТрансГаз" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. |
"Грузиядағы қалыптасқан жағдайға байланысты "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "ҚазТрансГаз" АҚ "Самұрық" холдингінің тапсырмасына сәйкес Тбилиси аумағында жұмыс істейтін өз қызметкерлерін шұғыл әкету туралы шешім қабылдады", - деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Компанияның ұсынған ақпаратына сүйенсек, бүгін таңғы 3 сағат 30 минутта "ҚазТрансГаз" компаниясы арнайы жіберген Грузияда жұмыс жасайтын "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері - барлығы 45 адам мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды. "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ бас директоры бастаған 10 қызметкер қала халқын үздіксіз газбен жабдықтау үшін Тбилисиде қалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін