«Грузиядағы қалыптасқан жағдайға байланысты «ҚазТрансГаз — Тбилиси» ЖШҚ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық» холдингінің тапсырмасына сәйкес Тбилиси аумағында жұмыс істейтін өз қызметкерлерін шұғыл әкету туралы шешім қабылдады», — деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Компанияның ұсынған ақпаратына сүйенсек, бүгін таңғы 3 сағат 30 минутта «ҚазТрансГаз» компаниясы арнайы жіберген Грузияда жұмыс жасайтын «ҚазТрансГаз — Тбилиси» ЖШҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері — барлығы 45 адам мінген ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды. «ҚазТрансГаз — Тбилиси» ЖШҚ бас директоры Санжар Шоқатаев бастаған 10 қызметкер қала халқын үздіксіз газбен жабдықтау үшін Тбилисиде қалған.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, «ҚазТрансГаз — Тбилиси» ЖШҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері мінген ұшақ бұдан бұрын хабарлағанымыздай Астана қаласына емес, Алматы қаласына келіп қонған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті