«»ҚазТрансГаз» өкілдерін мен кеше Ташкентке жібердім, ертең қосымша газ көлемін сатып алу жөнінде Өзбекстан жағымен келіссөздер жүргізіледі», — деді Қ. Бозымбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында.
Мемлекеттік холдинг басшысының айтуынша, Жамбыл МТЭС (мемлекеттік таратушы электр станциясы) екі блокпен 11-15-қыркүйекте іске қосу қажет.
«Станцияның жұмысын газбен жүзеге асыру мазутпен салыстырғанда артық екеніне күмән келтіруге болмайды», — деді ол. «Сол себепті Жамбыл МТЭС-ына Өзбекстаннан тікелей сатып алу және «ҚазМұнайГаздың» табатын пайдасын кемітпеу үшін басқа бағамен своп схемасын ұлғайту жолдарымен ағымдағы жылы газ көлемін алу мүмкіндігін қарастыру орынды деп санаймын», — деді ол.
Қ. Бозымбаевтың айтуынша, «мазутпен салыстырғанда, газбен жұмыс істеген жағдайда бағаның өсімі анағұрлым төмен болады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті