Жарияланды: 330

«ҚазТрансОйл» акцияларына иелік етуді қалайтын қазақстандықтар өтінімдерін қарашаның басында бере алады

«ҚазТрансОйл» акцияларын сатып алуға ниетті Қазақстан азаматтары өз өтінімдерін қараша айының басында тапсыра алады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев мәлім етті. «6 қарашадан бастап акцияға жазылу басталады. Сол уақыттан бастап Қазақстанда брокерлік шотыңыз ашық болса, тиісті көлемде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын сатып алуға брокерге тапсырма беру мүмкіндігі ашылады»,-деді Қ. Бишімбаев. Оның сөзіне қарағанда, 1 айдың ішінде акция алуға жазылу жүреді. Содан кейін 14 желтоқсанға дейін есептеулер жүргізіледі. Айта кетейік, кеше, 29 қазанда бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қордың директорлар кеңесінің отырысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жарияланған қарапайым акцияларының құны, көлемі және орналастыру құрылымы бекітілді. Компанияның қарапайым бір акциясының бағасы 725 теңгені құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін