Қ.Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз берді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.86
  • 533.17
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз берді

Қ.Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз берді

Бүгін Мәжіліс іргесінде өткен үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз бер

  • 19 Қыркүйек 2016
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бүгін Мәжіліс іргесінде өткен үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз берді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ұлттық экономика министрлігі өз алдына мемлекеттiк борыштың өсуiне жол бермеу мiндетiн қояды. Бүгiнгi күнi Қазақстанның мемлекеттiк борышы әлемнiң басқа елдерiмен салыстырғанда төмен деңгейде. 2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жиынтық мемлекеттiк борыш 10,9 трлн теңгенi (бiр долларға 338,8 теңге болғанда 32,2 млрд доллар — агенттік) құрайды. Бұл 2016 жылғы ЖIӨ-ге қатысты 24,6 пайызды құрады, оның iшiнде iшкi борыш ЖIӨ-ге қатысты 13,5 пайыз және сыртқы борыш ЖIӨ-ге қатысты 11,1 пайызды құрайды», — дедi министр.

Оның айтуынша, 2017-2019 жылдары мемлекеттiк борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру үшiн республикалық бюджет тапшылығын 2017 жылға қарай ЖІӨ-ге шаққанда 1,2 %-ға, ал 2019 жылға қарай 1,0%-ға жеткізу көзделген.