ҚДБ ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған жобаларға қаржылай қолдау көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚДБ ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған жобаларға қаржылай қолдау көрсетуде

ҚДБ ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған жобаларға қаржылай қолдау көрсетуде

Үдемелі индустриялық-инновациялық  даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан кезеңде

  • 23 Маусым 2015
  • 643
Фото - Caravan.kz

Қазақстан даму банкі Индустрияландыру картасы аясында жиынтық құны 1984 млрд. теңгені құрайтын 32 жобаны қаржыландыруды мақұлдады.

Банктың қаржыландыру сомасы 965 млрд. теңгені құрайды. 2015 жылдың 1 мамырында ҚДБ Индустрияландыру картасындағы сомасы 1870 млрд. теңгені құрайтын 21 индустриялық жобаны жүзеге асыруға 892 млрд. теңге қаржы салып отыр. Бүгінгі таңда  ҮИИДМБ жобалары жалпы құнындағы банктің салған қаржысы Индустрияландыру картасындағы барлық инвестициялар жиынтығының 16 пайызын құрайды.

Индустрияландыру картасы аясында Қазақстан даму банкінің қаржылық қолдауымен жиынтық құны 506 млрд. теңгеге тең 24 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Бұл ретте банк салған қаржы сомасы 251 млрд. теңгеге тең. Аталған кәсіпорындарда 8,6 мың жұмыс орны ашылды.

Айта кетерлігі, банк өңдеу өнеркәсібіндегі еліміздің экономикасын әртараптандыруға зор үлес қосып отырған ірі стратегиялық жобаларды  қаржыландыруда. Мұнан бөлек, банк металлургия, химия және мұнай химиясы, машина жасау сынды салалардағы жобалардың жүзеге асырылуына атсалысып келеді.