ҚХР өнеркәсіптік базарларының қауымдастығы мен "Оңтүстік" ӘКК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР өнеркәсіптік базарларының қауымдастығы мен "Оңтүстік" ӘКК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚХР өнеркәсіптік базарларының қауымдастығы мен "Оңтүстік" ӘКК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шымкент. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "Ынтымақтастық : Оңтүстік Қазақстан - Қытай" атты Қазақстан мен Қытай бірлескен бизнес-форумының қорытындысы бойынша "Оңтүстік" ӘКК -ның еншілес компаниясы "Оңтүстік өңірлік агрокешені" ЖШС мен ҚХР өнеркәсіптік базарларының қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Маусым 2008
  • 376
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған құжатта екі жақтың жабдықтар сату және жылыжайларға арнап құрал-жабдықтарды бірлесе өндіру, қарбыз өңдеуге арналған жабдықтар сату, маусымдар аралығындағы кезеңде Қытайдан Қазақстанға жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу, Қазақстаннан астық пен ұн экспорттау, қосалқы ауалшаруашылығы өнімдерін (жүн және тері өңдеу) өндіруді жолға қою салаларында ынтымақтастық орнатуға ниетті компаниялар айқындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті