«Қазір бұл сұрақтар екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің күн тәртібінде талқыланып жатыр. Келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын», — деді дипломат.
Айтуынша, Астана мен Бейжіңде екі елдің мәдени орталықтарын ашу туралы ұсыныс Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жолданған.
«Биыл екіжақты қарым-қатынастағы саясатымызды осыған дейінгі қалыптасқан достығымызды нығайтуға бағыттаймыз. Бұл – біздің күнделікті жұмысымыз. Бүгінде қарыштап дамып келе жатқан экономикалық байланысымызды, мәдени-гуманитарлық саламызды әрі қарай жетілдіреміз. Тағы қазіргі мақсаттарымның бірі – Астанада қытай мәдени орталығын және Пекинде қазақ мәдени орталығын ашу. Мәдени орталықты тездетіп ашу – мен үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегі әріптестерімізге ұсынысымызды жеткіздік. Қазір ведомство ұсынысты қарастырып жатыр», — деді Чжан Сяо.
Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо «Қытайдың Қазақстанды жаулайтын геосаяси жоспары жоқ» деді.
Биыл Қытай жаңа жылы 2 ақпанда басталады. Осы айрықша күнге орай Қытай Халық Республикасының елшілігі мен Қазақстанның Ұлттық музейі бірлесе «Көктем мерекесі» фотокөрмесін ұйымдастырды.