Жарияланды: 480

ҚХР төрағасы Қазақстаннан Монғолияға аттанып кетті

Бүгін, 4-маусымда ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Астанадан Улан-Баторға аттанып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РИА "Новости" жаңалықтарынан мәлім болды.

Екі күндік сапар барысында Қытай жетекшісі Монғолияның мемлекет басшысымен келіссөздер жүргізіп, онда екі жақты ынтымақтастықтарды жан-жақты тереңдету мүмкіндіктерін талқылайды. Монғолияға жасайтын мемлекеттік сапары барысында Ху Цзиньтао Монғолия парламенті- Мемлекеттік Ұлы Құрылтай төрағасы Санжбэгзийн Төмөр-Очирмен және үкімет басшысы Намбарын Энхбаярмен кездеседі. Монғолия министрлер кабинетінің жетекшісімен кездесуде мемлекетаралық қарым-қатынастар мәселесі ғана емес, Қытай Компартиясы мен Монғол Халық Революциялық Партиясының өзара ынтымақтастығы туралы мәселелер де сарапқа салынады деп күтілуде. ҚХР төрағасының сапар бағдарламасында сондай-ақ, Монғолия парламенті- Мемлекеттік Ұлы Құрылтай депутаттарының алдында сөз сөйлеу де жоспарланған. Сапар нәтижесінде Монғолия президенті мен ҚХР төрағасы біріккен мәлімдемеге қол қояды. 2002-жылы Қытай мемлекет басшысына сайланғаннан бері алғаш рет шетелдерге шыққан ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао Монғолияға сапарымен үлкен шетелдік турнесін аяқтамақ. 25-мамырдан бері ол Ресей, Франция және Қазақстанда болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін