ҚМДБ электронды темекіні қолдануға байланысты үкім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМДБ электронды темекіні қолдануға байланысты үкім шығарды

ҚМДБ электронды темекіні қолдануға байланысты үкім шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы электронды темекіні қолдануға байланысты үкім шығарды.

  • 30 Желтоқсан 2022
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Электронды темекі – ішінде химиялық қоспасы мен сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин және улы заттарды жеткізетін темекінің жаңа түрі. Электронды темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жататындықтан – харам. Оны қолдануға болмайды», -деп үкім шығарды.

Айта кетейік, Гонконг Баптист университетінің мамандары жаңадан шыққан бұл құрылғыны мұқият тексеруден өткізген. Сапалы жұмыс жасаған зерттеушілер арқасында электронды темекі құрамында формальдегид, полициклдік хош иісті көмірсутек, белгілі канцерогендер бары расталған. Электронды шылым сұйықтығының құрамынан гармондар қызметіне кедергі келтіретін қауіпті заттар табылған.