ҚМДБ: Моңғолия мүфтиі елімізге сапарлап келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМДБ: Моңғолия мүфтиі елімізге сапарлап келді

ҚМДБ: Моңғолия мүфтиі елімізге сапарлап келді

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Моңғолия мүфтиі Өмірбек Мұқайды, Моңғолия мұсылмандары Одағының атқарушы әкімі Батырбек Хадысты және делегация мүшелерін қабылдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлад

  • 2 Сәуiр 2014
  • 564
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Батырбек Хадыс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялаған оң бастамасын құптайтынын жеткізді. «Бұл — халықты дін мен дәстүрді құрметтеуге шақыратын үлкен игі бастама. Өйткені, дәстүрінен ажыраған халық дінінен де безеді», — деді Б.Хадыс. Баян-Өлгей аймағынан келген қонақ ҚМДБ-ның оқу-ағарту, білікті имамдар тобын қалыптастыру, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру бағытындағы іргелі іс-шаралардан алар тәжірибе мол екенін сөз етті.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мешіттер мен медреселердің, Ислам институтының, «Нұр Мүбарак» Ислам Мәдениеті универсиететінің жұмысы жайлы баяндады. ҚМДБ төрағасы Орта Азия Діни басқармалары арасында тәжірибе алмасу жұмыстарын жолға қою қажеттігін алға тартты. Арнайы басқосуларды ұйымдастыру мәселесін көтерді.

Тәжірибе алмасу мақсатында келген Моңғолия делегациясының мүшелері мүфтияттың бүгінгі жұмысымен жіті таныспақ.