ҚМГ АИ-92 маркалы бензин бағасы 157 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМГ АИ-92 маркалы бензин бағасы 157 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

ҚМГ АИ-92 маркалы бензин бағасы 157 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ бас директорының орынбасары Нүркен Мырзағалиев Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттайтынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 3 Қазан 2017
  • 231
Фото - Caravan.kz


"Жаңадан келетін тауарға байланысты баға өзгереді, негізгі баға Ресейдегі бағаға байланысты және оны тасымалдау, сақтау және өзімізге қалатын аз бөлшегі де ескеріледі. Болашақта келетін импортты ескере отырып АИ-92 бензинінің бір литрі 155-157 теңге болуы мүмкін", — деді Мырзағалиев. 

"Қазіргі уақытта кейбір өңірлерде талондар бойынша беріліп жатыр, ол жерлерде біз қамтамасыз етіп үлгермей жатырмыз, Атырау мұнай өңдеу зауыты енді ғана жұмыс істей бастады, жақында ғана жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, сегіз мың тонна тауарды Қазақстан өңірлеріне таратылды. Ол қамтамасыз етілді. Соның өзінде барлықөңірлерде тапшылық жоқ, тек біз жеткізіп үлгере алмай жатқан жерлерде ғана", — деді ол. 
 

Соңғы жаңалықтар