Жарияланды: 20

Қоймаларда 3,5 млн тонна көмір бар – Энергетика министрлігі

Қоймаларда 3,5 млн тонна көмір бар – Энергетика министрлігі

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ел қоймаларында көмірдің жеткілікті қоры барын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Электр стансаларында отын жинақтау жалғасып жатыр. Қоймаларда 3,5 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді, - деді Энергетика министрі.

Ол өңірлерге жеткізілетін әлеуметтік мазутқа қатысты да ақпарат айтты.

21 тамызда Энергетика министрлігі күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік өндіріс объектілері мен мекемелерге мазут жеткізу кестесін бекітті. Соған сәйкес мазуттың көлемі 195,5 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін ауқымды кредиторлық берешегі маңызды мәселе. Осы жылдың 10 қыркүйегіндегі ақпарат бойынша «ҚазТрансГаз – Аймақ» мекемесі алдындағы берешек 757 млн теңгені құрайды, - деп тоқталды Мағзұм Мырзағалиев.

Министр Үкіметте баяндағандай, энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь Көмір» кәсіпорны алдында жалпы сомасы 2 млрд 629 млн теңге берешегі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін