деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко.
"Жылдың басынан бері бір айдың ішінде ішкі істер органдарымен бірлесіп Алматы, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан басқа елдің бүкіл аймақтарында жолды 128 рет жаптық", — деді ол Астанада жұмада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Бүгінде жолдарды қардың басып қалуы өзекті мәселе болып отыр. Өткен қыс қатты болды деп едік, биыл бірден алты облыстың жолын жабуға тура келді", деді министр.