«Qolqanat» акциясы аясында 900 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Qolqanat» акциясы аясында 900 отбасыға  қайырымдылық көмек көрсетілді

«Qolqanat» акциясы аясында 900 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

2022 жылдың 25 қарашасынан 10 желтоқсанға дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қоры өңірлерде «Qolqanat» ауқымды акциясын өткізіп жатыр.
Акция аясында Қазақстанның 9 облысында тұратын аз қамтылған зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар азық-түлік жиынтығын алады.

  • 2 Желтоқсан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Іс-шара Абай, Ақмола, Алматы, Қостанай, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Ақтөбе облысында өтуде.
900 отбасына арналған өнімдер мен гигиеналық құралдардың әр жиынтығына шамамен 55 келі тауар кіреді: ұн (10 кг), қант (10 кг), күріш (10 кг), күнбағыс майы (5 л), макарон (10 кг), печенье (3 кг), кәмпит (2 кг), халва, шәй, сонымен қатар, иіс сабын, кір жуғыш ұнтақ (3 кг), сусабын, кір сабын, тіс пастасы, ыдыс жуғыш зат.

— Біздің қайырымдылық акциямыз былтыр басталды. Сол кезде біз үш рет алғашқы қажетті тауарларды 2000-ға жуық отбасыға тараттық. Биыл біз акцияны екінші рет өткізіп жатырмыз, тағы 2000 отбасын қамтимыз. Біз өзара іс-қимыл жасау, тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету және т.б. жұмыс жүргізуде өңір әкімдіктерімен тығыз байланыста еңбек ететін серіктестерімізге, еріктілерге ризамыз, — дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Аймақтарда мұндай акциялар жалғасады.

Соңғы жаңалықтар