Қолы кісендеулі, аузы скотчпен байланған: ҰҚК қызметкерін өлтіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қолы кісендеулі, аузы скотчпен байланған: ҰҚК қызметкерін өлтіріп кетті

Қолы кісендеулі, аузы скотчпен байланған: ҰҚК қызметкерін өлтіріп кетті

Кеше Астана қаласының қонақ үйлерінің бірінде 25 жастағы ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды.

  • 17 Қазан 2018
  • 596
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы “Время” басылымы жазады.

Марқұмның қолы кісенделіп, аузы скотчқа байланған болып шықты. Марқұмды бәзбіреулер қинап өлтірген.

Марқұмның денесі таңғы 9-да “Аланда” қонақ үйінен табылған. Қонақ үйді қымбат деуге де, арзан деуге де келмейді.

Қазіргі таңда болған жағдай туралы толық ақпарат жоқ. Дегенмен ҰҚК қызметкері 15 қазан күні, сағат шамамен 18:00-де үйінен шығып кеткен. Марқұм қарақоңқыр шалбарда және қара түсті күртешеде болған. ҰҚК қызметкері әйеліне түнгі 2:30-да “Отбасымды жақсы көремін. Мен қазір маңызды кездесудемін. Бір сағаттың ішінде шықпасам, алгоритмді Рус жақсы біледі” – деп соңғы хатын қалдырған.

Соңғы жаңалықтар