Қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды
Қостанайлық полицейлер қоқыс контейнерінен жаңа туылған сәби тапты. Тергеу барысында оны өз анасының тастап кеткендігі анықталды. |
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.
Оның хабарлауынша, қылмыскер ана жалға алған пәтерде тұрып, туған туыстарынан өзінің жүкті екендігін жасырған. Сол жерде босанып, дүниеге қыз баланы әкелген. Бірақ көп ұзамай, тас жүрек ана өз нәрестесін қаладағы қоқыс контейнерінінің біріне тастап кеткен. «Қазіргі кезде кішкентай нәресте қаланың медициналық мекемесіне орналастырылды. Ал 21 жастағы қылмыскер ана қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр», - дейді Қ.Темірова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін